Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-инетрнаты коммуналдық мемлекеттік мекемесі
KГУ Лицей-интернат "Білім-инновация" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлттар күні

27.12.2017

           2017 жылдың 15 желтоқсан

күні Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатында 7 –

10 сынып оқушылары мен ата-аналары  және

сынып жетекшілері арасында «Ұлттар достығы,ынтымақтастығы» атты үлкен мерекелік

іс-шара өтті. Мерекелік кеште лицей басшысы Адиханов Идаятулла Ибрахимұлы

құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Әділ қазылар алқасы

таныстырылып, сайыс шарттарын айтып өтті. Іс – шарада әр сынып өздеріне

бөлінген қазақ, өзбек, түрік, ұйғыр, украин, орыс, татар, кәріс ұлт өкілдерін

таныстыра отырып, салт-дәстүрін, тілін, өнерін,ұлттық тағамдарын насихаттап

айтып өтті.        Бұл шараның негізгі мақсаты еліміздің өсіп-өркендеуіне қал-қадірінше үлес қосып келе жатқан ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу. Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Өнерге деген қабілеттерін дамытып, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатында болды. Сайыс соңында   Бас жүлдені 10 «Б» сынып оқушылары мен ата-аналары алса, 1 орын 10 «А», 8 «Б» сыныптары, 2 орын 9 «А», 7 «Б» сыныптары, 3 орын 9 «Б», 7 «А», 8 «А» сыныптары ие болды. Сонымен қатар, «Көрермендер көзайымы» номинациясы бойынша 7 «А», 8 «А», 9 «А» сыныптары атанды. Мерекелік кеш жоғары деңгейде өткізілді

Просмотров: 10637


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст